ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА – ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

0
271

Ескелді ауданы облыс орталығы Талдықорған қаласынан небәрі 15 шақырымда орналасқан. Кешегі кеңестік кезеңде аудан тұрғындары облыстағы өндіріс орындарына қатынап жұмыс жасайтын.

Ауданда тәтті түбір өңдейтін, темір жолдың бойында орналасқан қант зауыты болған-ды. 11 ауылдық округке бөлінген аймақта 33 ауыл бар. Негізгі күн көріс ауыл шаруашылығы және шағын кәсіппен күнелтіп отырған ауданда 52 784 халық, оның 20-дан астамы өзге ұлт өкілдері.
«Елде болса, ерінге тиеді» демекші, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігінің бәрі ауыл шаруашылығына тәуелді. Төрт түлік және егін шаруашылығымен айналысатын ауыл еңбеккерлері жылдың төрт мезігілінде бір бел шешпейді. «Таңның атысынан, күннің батысына дейін күйбең тірліктің соңына түскендер, көктем шыға мал төлдетіп, егін егуге кіріссе, алажаздай сол егінді баптап, қоңыр күзде жиын-терін жұмыстарына кіріседі. Ауа райы қолайлы болса, әрі жауын-шашынды жылы, өнімді мол алып жатады. Бұл тәлімді жерлерге тиесілі үлес, ал суармалы алқаптың жайы бөлек. Соңғы жылдары су мәселесі әлемдік деңгейде үлкен мәселеге айналуда. Ескелді ауданының 2023 жылға арналған бюджеті 7 млрд. 957,0 млн. теңгені құраған. Биылғы жылдың бірінші қазанға аудан бюджетінің шығыстары 5153,1 млн. теңгені құрап, орындалуы 99,4% құрады», – дейді аудан әкімі Елдос Тұрсынбайұлы Ахметов.
Ауданның есептік көрсеткіштеріне зер салсақ, ағымдағы жылдың 9 айында салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жоспары 105,3 пайызға орындалып, 2792,9 млн. теңгені құраса, оның ішінде республикалық бюджетке 637,9 млн. теңге немесе болжамның 108,1 пайызы, жергілікті бюджетке – 2154,9 млн. теңге түскен (104,5 %). Аудан экономикасының негізгі кіріс көзі дәнді және майлы дақылдар, қант қызылшасы, картоп, көкеніс, бақша және мал шаруашылығының үлесінде. Жалпы, егістік жердің көлемі – 54322,6 га; оның ішінде суармалы жердің көлемі – 21373 га; тәлім егістік жердін көлемі – 32949,6 га. Биыл аудан бойынша 32754,2 гектар дәнді масақты дақылдар себіліп, 11363,2 гектар бидай, 16833 гектар арпа, 4426 гектар жүгері дәнге орылып алынған. Бұдан бөлек, аудан бойынша 74 ауыл шаруашылық тауар өндірушілер 1911,6 гектар қант қызылшасын егіп, түсімділігі орташа есеппен 594 т/га құраған. Тәтті түбірден 1 гектардан 600 центнерден аса өнім алған шаруашылықтар қатарында: Қарабұлақ ауылдық округінен ШҚ «Хильниченко В.П.» 102 гектар жерден 7909 тонна, ШҚ «Есімжанов М.А.» 38 гектар жерден 2779 тонна, ШҚ «Романенко В.» 50 гектар жерден 4270 тонна, Сырымбет ауылдық округінен ШҚ «Дүйсебаев Е.» 20 гектар жерден 1218 тонна, Бақтыбай ауылдық округінен ШҚ «Дүйсенбинов А.» 250 гектар жерден 19170 тонна өнім алған. 2024 жылғы жоспар бойынша қант қызылшасының көлемі 1900 гектарды құрайды.
Он айдың қорытындысы бойынша аудан ет, сүт және жұмыртқа өнімдерінің көрсеткіші көңіл көншітерлік. Мәселен, 10392,5 тонна мал еті 101%, сүт — 32451,7 тонна 102,1%, тауық жұмыртқасы — 7295,9 мың дана 100,4%, жүн — 405,6 мың тонна, 103,5%-ке орындалған. Аудан бойынша мал саны: ірі қара мал – 46256 бас, ұсақ мүйізді мал – 164168 бас, жылқы – 14931 бас, түйе – 124 бас, шошқа – 1986 бас, 62319 дана құс, 2023-2024 жылғы мал қыстау науқанына жоспарланған 205,3 мың тонна мал азығы, 108,3 мың тонна шөп, 12,8 мың тонна пішендеме, 25,5 мың тонна сабан, 24,9 мың тонна сүрлем, 27,3 мың тонна мал азықты жем дайындалып, жүз пайызға орындалған. Аудан әкімі биыл да қыстан қысылмайтынын айтады. Дәнді дақылдар мен мал азығын жүз пайыз орындаған аудан әкімінен өнеркәсіп саласындағы қам-қарекеттерін айтуды өтіндік. Айтуынша, атқарылған жұмыстарға көңілі толады, бірінші қазан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі – 4780 млн. теңге, нақты көлем индексі – 106,7 % құрайды. Сондай-ақ, бөлшек тауар айналымы 9 айдың қорытындысы бойынша – 3375,3 млн. теңге, нақты көлем индексі – 100,8 %, шағын және орта бизнес саласында субъектілерінің саны 2023 жылғы қыркүйек айына 3762 бірлікті, жұмыс істейтіндер саны – 6400 адамды немесе жұмыспен қамтылған халықтың 28,7%-ын құрады. Ағымдағы жылдың 9 айында шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 994,3 млн. теңге түсті, бұл жалпы салық түсімдерінің 35,6% құрайды. 01.10.2023 жылға негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 12052,8 млн. теңгені құрап, нақты көлемінің индексі – 154,8%. «Биылғы жылдың 12 айына жоспар — 15 млрд. теңге, ИФО — 120,6% толық игеруге мүмкіндігіміз бар», – деген аудан әкімі Елдос Тұрсынбайұлы инвестициялық жобалардың жүзеге асыру барысына да тоқталды. «Қора» өзеніндегі ГЭС-3 құрылысы, (Жобаның қуаттылығы 29 МВт, жаңа жұмыс орны 25, жобаның құны 10 млрд 200 млн. теңге). Жобаны іске қосу мерзімі 2023 жылдың қазан айында жоспарланған. Құбырдың жарылуына байланысты мердігер компания қазу жұмыстарын қайта бастауы тиіс. ЖШС «Лито Микс» Микро кальцит пен мәрмәр ұнын өндіру бойынша ұсақтау-тұздау кешенін салу жобасы. (Жобаның қуаттылығы айына 2500 тонна мәрмәр тасы, жаңа жұмыс орны 8, жобаның құны 98 млн. теңге). ШҚ «Тажікеев Ж.С.» Ірі қара мал, ұсақ мал және өсімдік шаруашылық жобасы. (Жобаның қуаттылығы жылына 500 тонна ірі қара және ұсақ мал еті, жаңа жұмыс орны 8, жобаның құны 1 млрд. теңге). Жобаның іске қосу мерзімі 2023 жылдың қараша айында іске қосылды. Төртінші, ШҚ «Тоғайбаев Ж.» 100 бас мал бордақылау алаңын салу жобасы. (Жобаның қуаттылығы жылына 35 тонна ірі қара мал еті, жаңа жұмыс орны 5, жобаның құны 110 млн. теңге). Жобаны іске қосу мерзімі 2023 жылдың желтоқсан айында жоспарланғанын айтқан аудан әкімі құрылыс саласына да ойысты. Қай кезеңде болмасын құрылыс өндірісі қалада да, далада да тоқтаған емес. Баспана, мектеп, тұрғын үй, емхана, спорт кешендері, балабақша ауылға да ауадай қажет. Елдің тұрмыс тіршілігі, әл-әуқатын осы нысандар арқылы аңғаруға болады. Ауылдарды жарықтандыру, көшелерін асфальттау, білім ошақтарын, мәдениет үйлерін заман талабына бейімдеу парызымыз. Ол үшін аудан экономикасы қуатты болуы керек. Әрине, облыстан бөлінетін қаражаттар бар, мұның сыртында жоғарыда айтып өткендей, инвестиция тарту біздің міндетіміз дей келе құрылыс саласының көлемі бірінші қазанға дейін 5626,1 млн. теңге, нақты көлем индексі – 112,8 % құраса, 9 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйлерді іске қосу – 7552 шаршы метрді құрап, нақты көлем индексі – 103,2 %-ке орындалды.
Қарабұлақ ауылында жаңа 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына – 802,3 млн. теңге бөлініп, келісімшарт сомасы – 816,7 млн. теңгені құрайды. 2022 жылы – 459,7 млн. теңге игерілсе, 2023 жылы – 357,0 млн. теңге бөлінді. Жалпы көлемі – 4716,82 шаршы метрге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік-коммуникациялық желілерді салу және ауылдағы 60 пәтерлік тұрғын үйді абаттандыруға 2022 жылы – 55 млн. теңге, 2023 жылы – 33,5 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар жүргізілуде. 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Ағымдағы жылы – 10 млн. теңге бөлінді. ПСД дайын, мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқанын – баяндаған Елдос Тұрсынбайұлы ауыз су мәселесі бойынша елді мекендердегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. Өз сөзінде Алдабергенов және Абай ауылдарының су құбырын қайта жаңғырту және салу жүзеге асырылып жатқанын, бұл жұмыстар жыл аяғында аяқталатынын айтты. Сондай-ақ, жарықтандыру мәселесінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Көкжазық, Алдабергенов, Абай, Қоңыр ауылындағы Маметова, Амангелді және Ғабиден, Жетісу ауылындағы Дайыров және Жамбыл, Бақтыбай ауылдық округінің көшелеріне (Бақтыбай ауылы Абдрахманов, Тауке хан, Елтай ауылы Қ.Меңісов, Мәйке, Т.Жансенгіров), Өтенай ауылы Сатпаев, Амангелді көшелеріне жарық шамдарын орнату жұмыстары толық аяқталыпты. Абаттандыру жұмыстары да жүйелі жүргізіліп, ауыл көшелерін асфальттау және әлеуметтік сала бойынша денсаулық, мәдениет, білім салаларына да айрықша көңіл бөлінуде екен.
«Бөлінген қаражаттарды тиімді пайдалануды ұдайы бақылауда ұстап, тапсырылған жұмыстарды мердігер компаниялардың сапалы әрі уақытылы бітіруін қадағалауда ұстаймыз. Ауыл шаруашылығы бойынша аудан облыс бойынша бірінші орынға шығып отыр. Бұл аудан еңбеккерлерінің жұдырықтай жұмыла еңбек етуінің нәтижесі. Ал Қоңыр ауылындағы мәдениет үйі жаңа жүйемен іске қосылатын болады. Жұмыс болған соң, барлық сала төрт аяғы тайпалған жорғадай деп айта алмаймыз, кемшін тұстары болады. Оларды рет-ретімен қалыпқа келтірудеміз. «Сын түзелмей мін түзелмейді» деген тәмсілді берік ұсанамыз», – дейді аудан басшысы.

Айтақын МҰХАМАДИ


ПІКІР ЖАЗУ