«Өлең кернеп барады жүрегімде» атты әдеби кеш өтті

0
472

Өлке әдебиеттерін насихаттау аясында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Сарқан» аудандық газетінің бас редакторы Жомарт Мақатұлы Игіманның 65 жасқа толуына орай «Өлең кернеп барады жүрегімде» атты әдеби кеші өтті.

Кешке келген оқырмандарға ақын шығармашылығына арналған «Жүрегі жырға жомарт – Жомарт ақын» кітап көрмесі таныстырылып, өмірінен сыр шертер бейнеролик көрсетілді.
Әдеби шараға Жетісудың көрнекті ақын-жазушылары Әміре Әрін, Нүсіпбай Әбдірахым, Нүрила Бектемірова, Жангелді Немеребай қатысып, ақынды 65 жасқа толған торқалы тойымен құттықтады. Кеште ақындық өнерге бетбұрыс жасап жүрген жастар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, поэзиялық шеру ұйымдастырды. Оқырмандар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.
Кеш соңында мәдениет саласының үздігі, Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармония әншісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Гүлбану Лахаева, ҚР мәдениет қайраткерлері Бақберген Асқарбек, Абылайхан Хармысовтар ақынның сөзіне жазылған Ө.Араповтың «Көктемім сені аңсадым» әнін орындап, шараны қорытындылады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ