ҚҰС ҰЯСЫН ОРНАТТЫ

0
138

Талдықорған NIS оқушылары жатақхана тәрбиешілерімен бірге бірнеше құс ұя орнатты.

Іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтті. Жатақхананың педагог-тәрбиешісі Александр Куйбиданың сөзінше, оқушылардың өздері үлкен қызығушылықпен құс ұясын жасап, оларды мектеп аумағына орнатқан.
Балалар орнатылған құс ұясы табиғатқа қамқорлықтың символы ғана емес, сонымен қатар экологиялық тепе-теңдікті сақтауға қызмет ететін құстарды тарту тәсілі деп түсінеді.
«Біз құстар жылы жерлерден ұшып келгенде, олардың жаңа ұясы болғанын қалаймыз», – дейді 10 сынып оқушысы Мәди Амангелді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ