БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ
Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай «Мейірім» шығармашылық орталығының ұжымы арнайы іс-шара ұйымдастырды.
«Қуанса, бала қуансын» демекші, мерекелік шарада балалар тек ойын ғана ойнап қоймай, композитор Гүлнұр Нұрасылованың орындауындағы әндерді тыңдады.
Шараға қатысқан 100-ден аса балаға орталық атынан тегін сыйлықтар беріліп, балмұздақ таратылды. Сонымен қатар бейнелеу өнері үйірмесінен байқауға қатысқан оқушылар – Бекнұр Бейбіт, Кәусар, Гаухар Асеновалар, Анна Жиембаева, Алихан Болат, Махаббат Есмұхамбет, Жәния Талғат бірінші орын иеленіп, марапаттау қағаздары табысталды.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»