ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

0
204

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы Бескөл ауылының тұрғыны Дінғазы Алипов пен жұбайы Бәтима Алипованы Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

Техникалық және кәсіби дайындық бөлімінің бастығы полковник Жекебай Байсаханов пен орынбасары подполковник Айдын Дәрібаев қарияға ұзақ ғұмыр мен зор денсаулық тіледі. Шекара сақшыларының атынан сыйлық табыс етті. Саналы ғұмырын еңбекке арнаған Дінғазы Шәкенұлы озат механизатор болса, Бәтима Смайлқызы дүниеге жеті баланы әкелген «Алтын алқа» марапатының иегері.
Дінғазы қария үнемі қал-жағдайын біліп, көңілін сұрап тұратын алакөлдік шекарашыларға рақметін айтып, жауынгерлік қызметтеріне жетістік табыс тіледі.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ