«ШАПАЛАҚ»КОМАНДАСЫМЕН КЕЗДЕСУ

0
48

Алакөл ауданында республикалық «Жайдарман»
жоғары лига чемпиондарының қатысуымен аудан жастарына арналған танымдық семинар ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – аудан жастарының шығармашылық әлеуетін арттыру, көпшілік алдында сөйлеу қабілеттерін дамыту және мәдени ортаға баулу болып табылады.
Іс-шараға 2024 жылы «Жайдарманның» жоғары лигасында Жетісу облысының намысын қорғап, чемпион атанған «Шапалақ» командасының ойыншылары – Мадияр Жұмабаев пен Орынбасар Серікбай арнайы шақырылды.
Семинар барысында қатысушыларға «Жайдарман» ойынының негізгі ережелері, сахна мәдениеті, сценарий жазу жолдары, ойыншыларға қойылатын талаптар, қойылым қою және әзіл жазу әдістері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі жайдарманшылардан нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар жеке ой-пікірлерімен бөлісіп, «Жайдарман» ойындарына қызығушылықтарын білдірді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ
Алакөл ауданы


ПІКІР ЖАЗУ