ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР ӨТЕДІ

Жетісу облысында арнайы мамандандырылған дәрігерлер бригадасы облыс аудандарына шығып, ашық есік күндерін өткізеді. Бұл шараның мақсаты – тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсету, ауруларды ерте анықтап, алдын алу.
Ашық есік күндері төменде аталған датаға сәйкес ұйымдастырылады: 2 қыркүйек – Текелі қаласы, 16 қыркүйек – Ескелді ауданы, 30 қыркүйек – Панфилов ауданы, 14 қазан – Алакөл ауданы, 28 қазан – Ақсу ауданы, 11 қараша – Қаратал ауданы, 25 қараша – Сарқан ауданы, және 9 желтоқсан – Көксу ауданы.
Тұрғындар аталған күндері өз аудандарындағы ұйым-дастырылған орындарға барып, кәсіби мамандардан тегін тексеруден өте алады. Қабылдайтын мамандар қатарында лор, уролог, проктолог, акушер-гинеколог, бала хирургі, невролог, нейрохирург, педиатр және травматолог бар. Бұл дәрігерлер жиі кездесетін ауру түрлерін анықтап, қажетті кеңес пен ем-шаралар ұсынады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ