Президент Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы шекара бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесу өткізілді.
Шараға «Аманат» партиясының аудандық филиалының төрағасы Е.Оспанбаев қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі талаптар мен басым бағыттарды түсіндірді.
Әскерилер Жолдауда айтылған бастамалардың ел дамуы мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызына назар аударды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті