Жетісулық шекарашылар бірінші орынның тұғырынан көрінді

0
49

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Үздік іздестіру тобын» анықтауға арналған шекарашылар арасында жарыс өтті. Сайысқа он бес ведомстволық командадан барлығы алпыс шақты әскери қызметші, кинолог мамандар қызметтік иттерімен қатысты. Жарыс бірнеше күнге жалғасып, жүгіру, қару-жарақпен жаттығулар, із кесу, кедергілерден өту, аумақты тінту, автокөлік пен бөлмені тексеру сияқты түрлі сынақтарды қамтыды.
Нәтижесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Үздік іздестіру тобы» жарысында I орынды иеленді.
Сонымен қатар жеке номинациялар да табысталды. Атап айтқанда, «Үздік кинолог маман» атағын Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Ынталы» шекара бөлімшесінің аға нұсқаушысы кіші сержант М.Сламья «Флорест» атты қызметтік итімен жеңіп алды. Ал «Автокөлікті тексеру бойынша үздік кинологиялық есеп» номинациясына Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының кіші сержанты А.Абдумиталипов «Санта» атты қызметтік итімен ие болды.
Жарыстың салтанатты жабылу рәсімінде үздік шыққан командалар мен номинация иегерлеріне кубоктар, медальдар және сыйлықтар табысталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті