«Жас шекарашы» үйірмесімен сабақ өтті

0
56

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары аға лейтенант Санат Әбеуов Қорғас орта мектебінің оқушыларымен кездесті.
Сабақ «Жас шекарашы» үйірмесі аясында ұйымдастырылып, оқушыларға шекара қызметінің мән-маңызы, әскери өмірдің ерекшеліктері және Отан қорғаудың абыройлы міндет екені түсіндірілді.
Бұл іс-шара жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, ел шекарасын күзетуге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті