Шекарашылар мерейтойға орай ультрамарафон жүгірді

0
33

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойына орай ерекше спорттық шара ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара аясында спортшы шекарашылар 60 жылдық тарихқа символикалық түрде 60 шақырымдық ультрамарафон қашықтығын жүгіріп өтті.
Бұл бастама шекарашылардың жоғары дене дайындығын, жігері мен табандылығын паш етіп, әскери қызметтің тек қана жауынгерлік емес, сонымен қатар спорттық рухты да дәріптейтінін көрсетті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті