Әскери оқу орындарына түсудің тәртібі түсіндірілді

0
28

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы ҚР Қарулы Күштерінің №74261 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесу өткізді.
Шара барысында келісім-шарт негізіндегі әскери қызметтің артықшылықтары, ҚР ҰҚК Шекара академиясына түсу тәртібі, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Түркия мемлекеттеріндегі әскери оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты — сарбаздардың кәсіби болашағына дұрыс бағыт беру және жас ұрпақты отан қорғау жолында жауапкершілікке тәрбиелеу.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті