Шекарашылар «Таза қала» акциясына қатысты

0
145

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы Панфилов ауданы, Нұркент қаласында өткен «Таза қала» акциясына белсене қатысты.
Акция барысында шекарашылар қала аумағын тазалау жұмыстарына атсалысып, қоғамдық ортадағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті