Лепсіде оқушыларға әскери оқу орындары туралы түсіндірілді

0
85

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Лепсі» шекара бөлімшесінде үгіт-насихат шарасы өтті.
Бөлімше бастығының орынбасары лейтенант Е.Нұратаев Лепсі орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, ҚР ҰҚК Шекара академиясына түсу тәртібі жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Шара барысында оқушыларға әскери мамандықтың ерекшеліктері, қабылдау талаптары мен болашақта әскери қызметтің артықшылықтары түсіндірілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департамент