Оқушыларға әскери қызмет туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0
88

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлімі үгіт-насихат шарасын ұйымдастырды.
Атамекен ауылдық округі Розыбакиев атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу барысында әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері мен келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасу тәртібі түсіндірілді.
Жастарға әскери қызметтің мәртебесі, әлеуметтік кепілдіктері және шекарашылардың қоғамдағы рөлі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті