ҚЫЗЫЛАҒАШ СУ ҚОЙМАСЫ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАНДЫ

0
106

Биыл Су ресурстары және ирригация министрлігі Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясын аяқтады. Су тасқыны үшін пайдаланылатын су жіберуге арналған канал нығайтылып, су қабылдайтын жаңа торап салынды.

Сонымен қатар заманауи бақылау датчиктері орнатылып, автоматтандырылған мониторинг жүйесі мен жергілікті хабарландыру жүйесі енгізілді. Сыйымдылығы 42,6 млн текше метр болатын су қоймасының реконструкциясы 6 680 гектар егістік алқабын сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

«АЛАТАУ АҚПАРАТ»