ШЕКАРАШЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының қатардағы жауынгері А.Андреев Талдықорған қаласында Жетісу облысының білім басқармасы ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл — Тәуелсіздік символы» атты облыстық байқауда үздіктер қатарынан көрінді.
Бұл жетістік — жас сарбаздың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігі мен жоғары ынтасының айғағы.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті