10 ІРІ ӘЛЕУМЕТТІК ГРАНТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

0
24

Жетісу облысында 2026 жылы мемлекеттік гранттар аясында 10 ірі әлеуметтік жоба жүзеге асырылмақ.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыстық қоғамдық даму басқармасының жастар және отбасы саясаты бөлімінің басшысы Бексеитова Жанерке Бейбітқызы мәлімдеді.
Жобалар мемлекеттік жастар саясатын, отбасы институтын және азаматтық белсенділікті дамытуға бағытталған. Бастамалар үкіметтік емес ұйымдар арқылы іске асырылады және 2028 жылға дейінгі даму стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Бағдарлама аясында жыл сайын 1 000-нан астам жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, үздік 10 стартапқа 3 миллион теңгеден қайтарымсыз грант беріледі. Өтінім қабылдау: қысқа мерзімді гранттар бойынша 15 жұмыс күні ішінде 3 мен 23 аралығында, ұзақ мерзімді гранттар бойынша 20 жұмыс күні ішінде 3 ақпан мен 2 наурыз аралығында болады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»