ҚҰТҚАРУШЫЛАР САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

0
27

Жетісу облысында жұқа мұздағы қауіпсіздік мәселесіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Шара Жетісу облысы аумағындағы су айдындарында қауіптің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Жиында Жетісу облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы Сағади Асхатұлы және Қаратал балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Біржан Мұратұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мамандардың айтуынша, ауа райының құбылмалы болуына байланысты көлдер мен өзендердегі мұз қабаты тұрақсыз әрі қауіпті күйде қалып отыр.
Құтқарушылар өңірде рейдтер өткізіп, ескерту белгілерін орнатып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар оқу орындарында профилактикалық әңгімелер ұйымдастырылып, ақпараттық материалдар таратылуда.
Ведомство азаматтарды жұқа мұзға шықпауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға шақырды. Алдын алу шаралары мұз толық ерігенге дейін жалғасады.

Дария ТАСҚЫНҚЫЗЫ,
Жу студенті