«ХАЛЫҚТЫҚ» АТАҚ БЕРІЛДІ

Көксу ауданынан 30 әжеден құрылған «Ақ кимешек» әжелер ансамблі бүгінгі күні облыс орталығында өткен алқа мәжілісінің соңында, Мәдениет министірінің бұйрығымен «ХАЛЫҚТЫҚ» ұжым атағына ие болды.
Жетісу облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлы ансамбль жетекшісі Мұраталинова Бақтыбала Рахметолдақызына атақты салтанатты түрде табыстады.
2025 жылы облыс бойынша 32 ұжым «халықтық, үлгілі» ұжымдар атағына құжаттар тапсырған. Жылдың аяғында 14 ұжым комиссия қаралымына шақыртылды. Барлық алыс, жақын ауданнан қатысқан ұжымдар «Халықтық» атаққа ие болды. Мәнді, сәнді, тәрбиелі әуезге толы әндеріңіз таусылмасын. Шырқай берсін Көксулық әжелер!
Сембек ӘБДІ-РАХМАН
