ЖОҒАЛҒАН ТҰРҒЫН ТАБЫЛДЫ

0
40

Жетісу облысында жоғалып кеткен 1952 жылы туған ер адам аман-есен табылды. Ол 28 сәуір күні үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмаған болатын.

Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмылдырылып, аумақтар жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар, іздеу барысында ұшқышсыз ұшу аппараты да қолданылды.
Нәтижесінде ер адам Талдықорған қаласынан шамамен 15 шақырым қашықтықта, «Үйтас» саяжайы маңынан табылды. Құтқарушылар оны дереу қауіпсіз жерге жеткізді. Оның жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»