КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

0
50

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында қала әкімдігінде көпбалалы аналарды марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында 11 анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары табысталды. Оның ішінде бес ана «Алтын алқа», ал алты ана «Күміс алқа» иегері атанды.
Марапаттарды қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков табыстап, аналардың қоғамдағы айрықша рөлін атап өтті. Ол ана еңбегі әрдайым жоғары бағаланатынын айтып, олардың бала тәрбиесіндегі үлесі ел болашағы үшін маңызды екенін жеткізді.
Іс-шара мерекелік көңіл күйде өтіп, аналарға деген құрмет пен ілтипат айқын көрініс тапты.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»