ОБЛЫСТЫҚ ТІЛ БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл – ел тірегі» атты облыстық байқау өтті. Шара мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері арасында ұйымдастырылып, қазақ тілін кеңінен насихаттауға бағытталды.
Байқауға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Суньят Садыров қатысып, жүлделі III орынға ие болды.
Шараны Жетісу облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған. Байқау барысында қатысушылар мемлекеттік тілде еркін сөйлеу, ойды жүйелі жеткізу және тіл мәдениеті бойынша өз қабілеттерін көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар мемлекеттік тілдің беделін арттырып, оны күнделікті өмірде кеңінен қолдануға ықпал етеді.
Суньят Садыровтың бұл жетістігі мемлекеттік тілге деген құрметтің және тіл мәдениетін дамытуға қосылған маңызды үлестің көрінісі ретінде бағаланды.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»








