СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА!

0
35

Жетісу облысында суға шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталады. Осыған байланысты облыс аумағында судағы жаппай демалысқа арналған 4 арнайы орын белгіленді. Атап айтқанда, Талдықорған қаласының қалалық жағажайы, Алакөл ауданындағы Ақши және Көктұма жағалаулары, сондай-ақ Сарқан ауданындағы Балқаш көлінің жағалауы тұрғындардың жазғы демалысына қызмет етеді.

Жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі ерекше маңызға ие. Құтқарушылар тұрғындарды тек рұқсат етілген және арнайы жабдықталған жағажайларда шомы-луға шақырады. Сонымен қатар балаларды су маңында қараусыз қалдырмау, мас күйде суға түспеу, арнайы белгіленген аумақтан аспау және құтқару құралдарын пайдалану қажеттігін ескертеді.
Сондай-ақ, демалушылар су қоймаларындағы ескерту белгілеріне мұқият назар аударуы тиіс. Себебі қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
Жетісу облысының төтенше жағдайлар қызметі судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Құрметті тұрғындар! Су айдындарындағы қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы сіз өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін қорғай аласыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.