«БАЛАЛЫҚ ШАҚ МЕКЕНІ»

0
37

Талдықорған қаласының Орталық саябағында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен балаларға арналған мерекелік шара өтті.

Акцияның мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, отбасылық құндылықтарды насихаттау және қоғам назарын өскелең ұрпақтың әл-ауқатына аудару.
Іс-шара аясында мәдени-танымдық, ойын-сауық бағдарламалары, шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды. Балалар өз өнерлерін паш етті, халық ақындарының өлеңдерін жатқа айтты. Бұл шараның белсенді қатысушыларына және байқаулардың жеңімпаздарына түрлі сыйлықтар берілді, түрлі түсті әуе шарлары табысталды. Сонымен қатар «Ауыл нақыштары» фотокөрмесі көрсетілді.

Шара барысында Жетісу облысы бойынша «Ауыл» партиясының координаторы Сырым Әділұлы:

– «Ауыл нақыштары» көрмесі «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен үшінші жыл қатарынан ауылдың тұрмыс-тіршілігін көрсету мақсатында іске асып жатыр. Бұл жобаға кез келген адам қатыса алады, жеңімпаздарға ақшалай сыйлық беріледі, – деп айтып кетті.

Аяулым ТАРЫБАЕВА