Шекарада концерттік бағдарлама ұйымдастырылды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының ұйымдастыруымен «Достық» шекара бөлімінің бөлімшелерінде «Өнерлі шекара» жобасы аясында «Достық шебі – рухы биік шекара» атты концерттік бағдарлама өтті.
Іс-шараның мақсаты – Отан шебін күзетіп жүрген шекарашылардың еңбегін дәріптеу, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және ел бірлігі мен достығын насихаттау.
Мазмұнды кеш шекарашылардың рухын көтеріп, әскери ұжымдағы бірлікті нығайтуға ықпал етті. Бағдарлама соңында қатысушыларға кино көрсетілімі ұйымдастырылып, еркін форматтағы мәдени демалыс жалғасты.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті









