«АДАЛДЫҚ. ПАРАСАТТЫЛЫҚ. СЕНІМДІЛІК»

Ақсу ауданы бойынша Кірістер басқармасында «Адалдық. Парасаттылық. Сенімділік» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараны «Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мен «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» бірлесе өткізді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметте адалдық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды. Спикерлер заң үстемдігі мен ашықтықты арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесуге мемлекеттік органдар өкілдері мен құқық қорғау саласының мамандары қатысып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде пікір алмасты.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ









