ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

0
31

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өңір басшысы олардың қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі еңбегін ерекше атап өтті.

Мерекелік іс-шара қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Кейін Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында салтанатты жиын өтіп, онда бірқатар полиция қызметкерлері марапатталды.
Ақсу, Қаратал, Ескелді аудандары және Текелі қаласының полиция қызметкерлеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар кейбір қызметкерлерге арнаулы атақтар беріліп, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Өңірлік полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, соңғы жылдары материалдық-техникалық база айтарлықтай жаңартылып, 31 дрон, 1400-ден астам бейнебақылау камерасы және жүздеген қызметтік автокөлік алынған. Бұл шаралар құқық бұзушылық деңгейін едәуір төмендетуге ықпал еткен.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев, Жеңіс Ысқабай