Қола жүлдегер атанды

0
29

 

      Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2026 жылдың 17-19 шілде күндері аралығы Венгрия мемлекетінің астанасы Будапешт қаласында грек-рим күресінен Polyák Imre, Varga János & Kozma István Memorial атты халықаралық рейтингтік турнир өтті. Дүбірлі додада көптеген елдің кілең мықты балуандары бас қосты. Сондай ығайлар мен сығайлар боз кілемге шығып, бас жүлде үшін бағын сынаған байрақты бәсекеде жетісулық Исхар Кұрбаев та жасындай жарқылдады. Ол тек жартылай финалда ғана қарсыласына жол беріп, қола медаль үшін белдесуде қарсыласынан айласын асырды. Сөйтіп, Мухамет Нұғыманов жаттықтыратын біздің балуанымыз Исхар Кұрбаев 55 келі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды. Сөйтіп, өзінің рейтингтік балдарын арттыра түсті.
Өз тілшіміз