Алты медаль алып қайтты

0
18

 

Қостанай облысында велосипед спортының маунтинбайк түрінен Қазақстан чемпионаты және республикалық жарыс өтті. Бұл жарыстар барысында «Ж.Үшкемпіров атындағы Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары алты медаль олжалады.
Атап айтқанда, Республикалық турнирге қатысқан Снежанна Гончарова жарыстың кросс-кантри шорт-трек түрінен де, кросс-кантри олимпик түрінен алдына жан салмай сөре сызығын бірінші болып қиып, қос алтын медальға ие болды.
Сонымен қатар, осы облыста өткен велосипед спортының маунтинбайк түрінен Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионатында Мади Садырбай кросс-кантри шорт-трек түрінен бір алтын медаль және кросс-кантри олимпик түрінен бір күміс медаль жеңіп алса, Іңкәр Тухан жарыстың осы екі түрі бойынша қос күмісті қоржынға салды.

Өз тілшіміз.