Батаменен ел көгерер…
Бата беру – үлкеннің кішіге, ақсақалдар мен қариялардың елге, жастарға айтатын адал ниеті мен жақсы тілегі. Бұл — қазақ халқының көнеден келе жатқан қасиетті ұлттық дәстүрі. Бата дастарқан басында, үлкен жиындарда, жолға шығарда және қуанышты сәттерде беріледі.
30 шілде күні қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Бата — береке бастауы» атты бата беруден қалалық ардагерлер арасында жарыс өтті. Жарысқа қатысушылар ереже бойынша өзін таныстырудан кейін отырған қауымға бата беруі, сондай-ақ өзінің жеке туындысы бойынша бата беруі қарастырылған. Ережеде батаны жатқа айту туралы арнайы ашып айтылмағандықтан, қатысушыларға өз туындыларын оқып беруге рұқсат етілді.
Жарыс қалалық сауықтыру орталығының залында өтті. Үміткерлердің бәріне ортақ талап — қазақи үлгідегі костюммен шығу болса, бұл талап мүмкіндігінше орындалды.
Жарысқа шығушыларға өзін таныстырудан кейін көрермендерге бата беруді бірден орындап, ал өз туындысынан батаны оқуды бөлек оқуға мүмкіндік берілді.
Жарысқа Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Керімбеков Ақшабай Дүйсенбекұлы, Жетісу облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлы қатысты.
Қатысқан ақсақалдар мүмкіндігінше жақсы дайындалғандығы көрінді. Берген баталарының мазмұны жағынан мәнді болғандығы көпшілікке аян болды. Дүркірете қол шапалақтар болып жатты. Жарыс арасында сауықтыру орталығының өнерпаздарының концерттік бағдарламасы қатар жүріп, тыңдаушылардың көңілі көтеріңкі болды.
Жарыс бітіп, әділқазылардың шешімі де жарияланды. 4 адамға ынталандыру сыйлығы берілді, оның ішінде М. Ордағұловқа (ӨАО). 3-ші орын 2 адамға — Е. Бектенов (ӨАО), С. Абдрахманов (ӨАО), 2-ші орын 1 адамға — А. Исатаев, 1-ші орын 1 адамға — А. Қалмұқан (ӨАО) және бір азаматқа әділ қазы мүшесі Нүсіпов Бердібек ағамыз өз қалтасынан 10 мың теңге сыйлық берді.
Барлығы 9 адам өздеріне лайықты сый-құрметке бөленді.Көрермендер алдына шығып Ақшабай Дүйсенбекұлы, Ермек Әбілмәжінұлы жеңімпаздарды құттықтады. Соңы әншілердің өнерімен жалғасты. Бұл іс- шара осылай мәресіне жетті. Көрермендер мен жарысқа қатысушылар риза болып тарасты.
Сембек Абдрахманов
«Алатау»




