ЖЕТІСУДА ЦИФРЛАНДЫРУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

0
32

Жетісу облысы «Digital Qazaqstan» стратегиясы аясында Smart Region қағидаттарын енгізіп, цифрлық экожүйесін дамытуда. Өңірде мемлекеттік басқарудан бастап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және қауіпсіздік салаларына дейін заманауи технологиялар кеңінен қолданысқа енуде. Әкімдіктің Ситуациялық орталығы 58 талдау кейсімен жұмыс істесе, «109 қызметі» арқылы 14 мың өтініш өңделген.

Цифрландыру коммуналдық және қоғамдық көлік саласында да оң нәтижесін беріп отыр. Талдықорғанда су мен жылуды есептейтін 2,6 мыңнан астам интеллектуалды құрылғы орнатылып, электр энергиясын автоматты есепке алу жүйесі енгізілді. Қаладағы қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне толық көшу аяқталып, 21 «ақылды аялдама» жұмыс істеп тұр. Қауіпсіздік бағытында жол ережесін бұзуды тіркейтін 68 кешен және TARGET-AI жүйесі арқылы жұмыс істейтін 87 камера іске қосылған.
Жасанды интеллект денсаулық сақтау саласына да енгізілуде. Үш инсульт орталығында Cerebra медициналық ЖИ-ассистенті қолданылып, 2 мыңнан астам зерттеуге талдау жасалған. Ал IT-мамандар даярлау бағытында Jetisu Digital хабы жұмысын жандандырып, биыл 57 іс-шара өткізіп, 1 380-нен астам адамды қамтыды. Ал 21 тамызда Талдықорғанда 50 жұмыс орнына арналған жаңа форматтағы Tomorrow School мектебін ашу жоспарланып отыр.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»