ПРЕЗИДЕНТ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

0
38

 Астанада өткен республикалық Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласының үздік өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында, Жетісу облысының ұстазы Айнагүл Уәлибаева да бар.

Мемлекеттік наградаға Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Нұрым мектебінің тарих пәні мұғалімі Уәлибаева Айнагүл Әбішқызы ие болды.
Салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстазға «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.
Бұл марапат – мұғалімнің білім беру саласындағы кәсіби еңбегіне берілген жоғары баға. Ұстаз еңбегінің осындай деңгейде атап өтілуі Жетісу облысы педагогтерінің білім мен тәрбие саласындағы жетістіктеріне көрсетілген құрметтің бір көрінісі.
Мемлекеттік наградаға ие болған Айнагүл Әбішқызын әріптестері мен шәкірттері құттықтап, ұстаздық жолына толағай табыс тілейді.