Мемлекеттік наградалармен марапатталды

0
31

 Тәуелсіздік сарайында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар мен жаттықтырушыларды табысты өнер көрсетуімен құттықтады. Президент осынау жоғары нәтижеге спортшыларымыз тайсалмас табандылықтың, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін атап өтіп, спортшыларымыздың ең беделді сайыстарда биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Осыған орай, Президент Қ.К.Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының Жарлығымен «спорттағы жоғары жетістіктері, сондай-ақ Бішкек қаласында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқаны үшін наградталды». Солардың арасында, Жетісу өңірінің мына спортшылары бар:
«Құрмет» орденімен
Базарбаев Берікбол Ибекенұлы – жеке кәсіпкер, Жетісу облысы;
Есен Ахмет Жалғасұлы – «Ұлттық спорт түрлерінен «Жетісу» кәсіпқой спорт клубы» КМҚК спортшысы, Талдықорған қаласы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Досжанов Рүстем Әмірғазинұлы – «Ұлттық спорт түрлерінен «Жетісу» кәсіпқой спорт клубы» КМҚК директоры, Талдықорған қаласы;
Ержан Ернар – «Ұлттық спорт түрлерінен «Жетісу» кәсіпқой спорт клубы» КМҚК спортшысы, Талдықорған қаласы;
Қабдолдаев Берікхан Қожегенұлы – жеке кәсіпкер, Жетісу облысы;
Реимбай Қанат Жалғасбайұлы – «Ұлттық спорт түрлерінен «Жетісу» кәсіпқой спорт клубы» КМҚК спортшысы, Талдықорған қаласы;
Сайлау Мұхаммеджан Жанбатырұлы – «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК спортшысы, Астана қаласы;
Салман Аружан Бауыржанқызы – «Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушы-нұсқаушысы, Түркістан облысы;
Төлебай Жарас Айтбайұлы – «Ұлттық спорт түрлерінен «Жетісу» кәсіпқой спорт клубы» КМҚК спортшысы, Талдықорған қаласы;
Устинов Данил Алексеевич – «Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы» КММ спортшысы
Ыдырыс Жақсылық Берікболұлы – «Ұлттық спорт түрлерінен «Жетісу» кәсіпқой спорт клубы» КМҚК спортшысы, Талдықорған қаласы;
Жерлестерімізді наградаларымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жетісу облысы