Ата заң – ел тірегі

0
30

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, елдің құқықтық және қоғамдық дамуының басты негізі. Қазақ халқы үшін Ата заңның орны ерекше. Себебі Конституция тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын айқындап, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл күн еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болып саналады. Ата заңда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені бекітілген.
Конституцияның ең басты құндылықтарының бірі – адам және оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Әр азаматтың өмір сүруге, білім алуға, еңбек етуге, өз пікірін білдіруге және заң алдында тең болуға құқығы бар. Сонымен бірге әр адамның Отанын қорғау, заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу сияқты міндеттері де айқындалған.
Ата заң – қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіптің негізі. Мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілік те Конституция қағидалары арқылы жүзеге асады. Заңды құрметтеу – әрбір азаматтың ел болашағына қосқан үлесі.
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жастардың білімділігіне, отансүйгіштігіне және құқықтық сауаттылығына байланысты. Сондықтан жас ұрпақ Конституцияның маңызын түсініп, өз құқықтары мен міндеттерін білуі қажет. Ата заңды құрметтеу – өз еліңді, оның тәуелсіздігін және болашағын құрметтеу.
Қорытындылай келе, Конституция – елдің бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды құжат. Ол Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуының берік негізі болып табылады. Ата заңды ардақтау – елдікті бағалау, тәуелсіздікті құрметтеу және болашаққа жауапкершілікпен қарау. Сондықтан Ата заң – шын мәнінде, елдің тірегі.

Садыбекова Г.
Жетісу облысы Талдықорған қаласының

мамандандырылған тергеу соты бас маман