Жауынгерлер футбол алаңына шықты

0
25

             Үшінші қазан күні Талдықорған қаласының № 21751 әскери бөлімінің қаза тапқан жауынгерлерін еске алуға арналған әскери бөлімдер арасында шағын футбол жарысы өтті. Аталмыш жарысқа 10 команда қатысып, өзара жүлделі орындар үщін айқасты. Жарыс қорытындысы бойынша топ жарып, шебер ойын көрсеткен мына жауынгерлерді атауға болады:
Үздік сұрмерген – А.Естаев
Үздік ойыншы — .Қ.Ашимов
Үздік шабуылшы – А.Ақылбек
Үздік қорғаушы — М.Сағдатұлы
Үздік қақпашы — С.Баданбаев.
Тартысты өткен ойын нәтижесінде І орынды №54380 әскери бөлімі, ІІ орынды Инженерлік құрам бөлімі, ІІІ орынды Әскери полиция иеленді.
Жеңімпаздар кубок, медаль,грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Абызбаев Әли
Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және

спорттық іс-шараларды өткізу клубының Талдықорған

қалалық филиалының менеджер операторы