Қос жарыста да күміс медаль еншіледі

0
22

Панфилов ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары соңғы күндері бірнеше турнирлерге қатысып, бағын сынады. Солардың бір екеуіне тоқтала кетейік.

          2026 жылдың 2-6 қазан күндері аралығында Грекияның Салоники қаласында самбо күресінен жастар, жасөспірімдер және кадеттер арасында өткен әлем чемионатында 47 кг салмақ дәрежесінде белдесуге шыққан Панфилов ауданының №1-балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Қарақат Рахыбай ақтық белдесуге дейін қарсылас шыдатпай, алтын медаль үшін айқаста ғана ұпай санымен ұтылуға мәжбүр болды. Сөйтіп, білікті бапкер Алмас Ораловтың шәкірті Қарақат күміс медальды қанжығалады.
Үстіміздегі жылдың 30 қыркүйек 04 қазан күндері аралығында қаласында 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында волейболдан өткен Жетісу облысының күзгі чемпионатында жаттықтырушылар Бегзат Нұрсағат, Бақыткелді Нұрмұқаев даярлап апарған Панфилов ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрама командасы 2-орын иеленді.
Осылайша, біздің оқушылар екі жарыстан да күміс жүлделер олжалап қайтты. Спортшыларымызды осы табыстарымен құттықтаймыз!
Ардақ ЕЛТАЕВ,

Панфилов ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер

 спорт мектебі басшысының оқу ісі жөніндегі