Балуандарымыздың бағы жанды

0
37

2026 жылдын 01-04 казан күндері аралығында Абай облысы, Калбатау ауылында еркін күрестен Жарма ауданының жас спортшыларын еске алуға арналған V-ші Республикалық турнирде мектебіміздің спортшылары бес медальды қоржынға салды.

Атап айтсақ, 75 келі салмақта белдескен Ержігіт Хамит пен 48 салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан Темірлан Қызыр жеңімпаз атанса, 75 келі салмақта күрескен Бейбарыс Дарвай шешуші кездесуде ғана қарсыласына жол беріп, күміс медаль еншіледі. Сондай-ақ, 48 келі салмақта тағы бір балуанымыз Абылай Жарқынбаев және 44 келі салмақ дәрежесінде Ернұр Нұраханов жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтеріліп, қола медальға ие болды.
Сүйсінерлігі сол, еркін және әйелдер күресінен Талдықорған қаласында Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған республикалық турнирге қатысқан оқушыларымыз да жақсы нәтижелерге жетті. Мәселен, бұрымды балуандарымыз Іңкәр Сейтжан 55 келі салмақта және 62 келі салмақта Айгерім Полатбай ақтық белдесулерінде ғана ұтылып, күміс жүлдегер атанса, бозбалаларымыз Елнар Жанғазы 65 келіде сынға түсіп, Нұртас Амангелді 57 келі салмақта боз кілемге шығып, қола медальға қол жеткізді.
Сонымен, қос турнирге қатысқан балуандарымыздың бағы жанып, қоржынымызға 9 медаль салды. Спортшыларымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!

Айман СЕРІКҚҰЛОВА,

мектеп-интернат-колледжінің әдіскері