ЖАЛАҢАШ ӘУЛИЕ, КӨТЕН ТӘУІП

0
41

М.Б.Қалажанов

Барлық халықтарда кездесетіндей, қазақ даласында да ертеден емшілік дәстүр болған. Ол туралы академиялық бес томдық «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» энциклопедиясында мынандай ақпарат берілген: «Емшілік — ғасырлар бойы қалыптасқан емдеу шараларын және осыған байланысты қолданылатын құралдар мен шипалық заттардың бірегей жүйесі. Бұл жүйенің ең басты субъектісі — емші» — дейді.

Емшіліктің түрлері

Бұл емшілік жүйенің ғылыми-танымдық бастауының барлық түрін көрсетеді. Емшілердің емдеу тасіліне байланысты бөлінетініне аса мол көңіл бөлінген. Олар: Бақсы, Елті, Жауырыншы, Сыныкшы, Тамыршы, Тәуіп, Оташы, Қандауыры, Күйдіріп қарушы, Аластаушы.
Ем түрлерінің де жүздеген атауы, емдеу құралдары, шипалық заттар, емдік шөптер, ем түрлері халық санасында еміс-еміс сақталган.
Жоғарыда аталған емшілерді осы еңбекте жүйелеп екі топка бөлген: «Емші — дәстүрлі ортадағы халыктық медицинаның элементтерін меңгерген емдеу ісімен айналысатын арнайы мамандар.
Емшілер аурудың себебін анықтау, соған сай жасайтын емдеу шаралары түріне, технологиясына байланысты, негізінен, екі үлкен топқа бөлінеді: біріншісі — рационалды емдеу немесе халық ұғымында сиқырмен, тылсыммен емдеушілер, екіншісі – практикалық тәсілдерді арқау ететіндер. Бұлар өз ішінен емдеуді нәтижелі атқаратын, яғни адамды сауықтыра алатындар жене аурудың кейбір себебін ғана анықтап, жолын керсететін емсектер деген екі түрге белінеді» дейді .
Аты аңызға айналып, күні бүгінге дейін кесененің басына барып тәу етіп, есімін аузынан тастамай, әруағына сыйынған адамдарға шапағатын шашып, ауруына шипа болған, данагөй емшінің бірегейі — емші, Көтен тәуіп Қоңырбайұлы.
Жетісу өңірі Көтен тәуіптің әулиелік қасиетіне көзбен қанық. Тәуіптің халықтың түрлі дертіне дауа тауып, ажалға арашашы болуы, шөппен емдеуі, күні бүгінге дейін айтылып келеді. Ол аурудың хал-ахуалына қарап (тамыр соғысы, ыстығы, көзінің жанары, терісінің өңі), тіпті кейде көрмей-ақ оның жазыларын, не беті бері қарамасын айтқан және айтқандары әрдайым тура келген. Тәуіп тамыр ұстап, ауру түрлерін «ыстық», «суық», «желді» деп бөлген. Қамшымен ұшықтауды, жараны оқып жазуды, толғағы ащы әйелге айбалтаның суын ішкізуді, қан ұртатуды, зәрді пайдалануды, шөп дәрілерді қолдануды, шырақ жағуды, пияз колдануды пайдаланған. Сынықтың әр түрін орнына сала білген. Дене жарасының алуан түрлерін емдеген. Түрлі шөп пен олардың тамыларынан ем-домдық дәрумен жасаған.

Тәуіптің жан-жақты қасиеттері

Көтен тәуіп бабамыз табиғаттың сырларын бақылап, өсіміктердің қасиетін танып, ұшқан құс пен жүгірген аңның, жан-жануардын тілін түсінген.
Аңыздарға қарағанда, әулиенің қасында өзге хайуандарда жоқ қасиеттерімен әркез дара тұратын, киелі жаратылыс иесі саналатын екі «ақ қасқыр» қорғап — қоршап жүретін болган. Ақ қасқырдың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қаситтерге ие кісі» болып табылады.
Сондай-ақ, Көтен тәуіп Қоңырбайұлы темірден түйін түйген ұста, кедейлердің қираған қазанын жамайтын шебер де болған екен.
Барлық ысқымен ойналатын аспаптардын «түпатасы» болып саналатын қобызды мықты меңгерген. Тәуіп қобыз бен жетігенді дертті аластау кезінде пайдаланган екен.
Тәуіптің қаситіне қанық болгандардың жандарына медет, сырқаттарына ем қонган. Көтен тәуіп Қоңырбайұлы, әсіресе науқас балаларға қамқор болған жан екен. Оған келтірер мысалдар жеткілікті.
Бірде әулие баба науамен жылқы суарып жатса, бір көш жақындай түседі. Түйе үстінен біреудің зарлаған дауысын естиді. Сөйтсе, байдын жалыз баласы қатты сырқаттанып, ас іше алмай, іші кеуіп, ісініп кеткен екен. Зар жылаған анасы сонау Сыр бойынан арнайы Көтен тәуіпті іздеп келеді. Тәуіп жас жігіттің тамырын басып, анасына «мына науадан су ішкіз» дейді. Әйел біраз таң қала, жылқы ішкен науадағы судан сырлы ожаумен су береді. Шөлі қанғанша су ішкен науқас бала сәлден соң көзін ашып, қол-аяғы қимылға келе бастайды.
Сөйтіп ауруынан айыққан бала аяғынан тік тұрып, адам қатарына қосылыпты. Бұл «Тебінгі» деп аталатын, ол жылқы сілекейі тиген суды ішкенде жазылатын ауру екен.
«Ертеде Жылысай, Тайсойған арқылы келе жатқан ирандык бір саудагердін баласы қатты ауырып, керуені Жамантас жайлауының Қоратас деген жерінде жарты айдай жатып қалады. Керуен дарымшысы: «Беті әрі қарады, енді баладан үміт жоқ», — деген соң, керуенбасы амалсыз науқасты қазақтарға аманаттап, «Өлсе жерлерсіндер» деп құлпытасын тұрғызып, артына қарай-қарай жүкті көшін жылжытып кетеді.
Баланы аманатқа алып қалған ел: «Не өлмейді, не оңалмайды. Тек кірпігі қимылдап жатыр», — деп Көтен тәуіпке хабар береді. Жағдайға қаныққан тәуіп атамыз: «Асықпай, жеті-сегіз күнде зембілмен Әлемдіге жеткізіңдер. Соған шыдас берсе, иншалла, бала тірі қалар», — деп кенже ұлы Самарды қоса аттандырады. Баласына таупияз жарып, аурудың тік ішегіне тығуды, аузына да салып қоюды және жетпіс — сексен шақырымдық жол бойы онымен денесін ыскылап отыруды табыстайды. Содан ақырында таудан түсіріп, алақанға салғандай қылып Әлемдіге жеткізген 7-8 жасар жат жұрттық бала үш- төрт күннен соң басын көтеріп, тәуір больпты. Ол ер жетіп, 15-ке келгенде үйлендіріп, отау құрыпты.Кейінірек төленгітімен қиырдағы еліне аттандырып салыпты» деседі…
Тағы бір деректерде Тәуіп атамыздың өңірінде бір ұл бала дүние есігін ашады. Бала анасынан бітеу туады. Емшек емген баланың үлкен дәреті шықпай, өлуге айналады. Анасы зар жылап, барлык емшілерге апарады. Баланың дертіне ем қондыра алмаған емшілер Жалаңаш әулиеге апаруға кеңес береді. Баланы көрген Жалаңаш әулие Аллаға арнап, үлкен қой шалдырып, етін тай қазанда астырып, әбден піскен қабырғаны сындырып, (қабырға ешқашан түзу сынбайды) қисық сынган қабырғаның сыртындағы жұқа үлдір кабығын сылып алады. Сынған қабырғамен баланың көтенішегін еппен тіліп, үлкен деретін шығарып, аман алып қалған екен.
Тәуіп Ата емші ғана болмаған, қалың қазақтың басына түскен қиын-қыстау жаугершілік заманда өмірге келіп, туған елінің сүйеніші, халқын бастаған ханның ақылшысы да болган. Сондықтан қысқа қайырып, емші болған десек, ірі Бабаның көп қырлы тұлғасын жұқартып аларымыз сөзсіз.
Ерекше тарихи тұлғаның болмысын жан-жақты ашу жүйелі зерттеуді талап етеді.

Әулие ата тегі

Өз кезінде тәуіп атанган, қасиетті бабаның өмірге келген жылы мен туган жері туралы нақты бір тоқтамға келген дерек жоқ. Бұл мәселені қарастырып жүрген зерттеушілер де аз емес. Кейбір деректерде Жалаңаш әулие, Көтен Тәуіп Сыр бойында дүниеге келген деп берілген.
Әулие бабамыздын тегі былай таратылады: Найманның Садыр руынан, онын ішінде Шаржетім, одан Амангелді, Қарт. Қарттан Бадана, Тоқтауыл, Есберлі. Есберліден Тілес, Саңқой, Жұбанқұл, Бақай, Балтай. Балтайдан Аққұлы, Қоңырбай. Қоңырбайдан Түгел, Күшіман. Көтен тәуіп әулие атамыздың бәйбішесі Тәпей Шапыраштықызы екен. Одан Қанкөбен, Манаш, Сейіт, Қосшы, Самар туады.
Абылай хан әулие Көтен тәуіптің қадыр-каситіне ерекше тәнті болып, көзі тірісінде оған Жетісудың ең шұрайлы жері Лепсі-Сарқан бойынан енші берген. Бұл Бабамыздын киесін қалың қазақ мойындап, «Жалаңаш әулие» атанған кезі екен.
Көтен тәуіптің бойына емшілікпен қатар көріпкелдік қасиет бала жасынан ана сүтімен біткен екен. Сондыктан да өсе келе бабамыздың есіміне «әулие» деген тіркес қосылған.
«Қазаққа даңқы тараған Райымбек батыр тәуіп бабамыздың замандасы екен. Іле бойындағы үлкен асқа шақырылып, жүз қаралы адаммен өткел таба алмай жүрген бабамызға батыр «әулие болсаң, Іледен өтіп кел» деп қалжыңдаса керек. Сонда тәуіп баба қобызын боздатып, аз аялдаса өзен суы азайып, қарсы жағаға өтіпті. Сонда батыр «әулие екенсің, енді сенімен қалжыңдаспаймын» деп құрдасының қасиетіне таңданыпты» деседі.
Тәуіптің ағасы Күшіман батыр жауға аттанарда інісінің көріпкелдігіне сүйенген екен. Бірде тоқтамын тыңдамай «өзім білемдікке» салынғанда жау тұтқынына түсіп, жапа шеккен көрінеді. Күшіман батыр: «Уа, Жалаңаш әулие, өзіңе сыйындым» дегенде өне-бойын құрсаған өгіз терісінің сіресі сетінеп кетіпті.
Осы сынды тәуіп бабаның әулиелік киесін, өзіне тән шарапатын айқындайтын аңыздар көптеп кездеседі.
Ел аузындағы әңгімелерде Абылай ханның үш әулиесінің бірі делінеді.
Абылай хан Бұқар жырауды «Көмекей әулие», Қаракерей Қабанбайды «Көкірек әулие», Көтен тәуіп бабамызды көріпкелдік қасиетіне байланысты «Жалаңаш әулие» атандырыпты. Ол кісінің «Жалаңаш әулие» атану себебі, соғыста жараланған жауынгерлерді, науқасты емдейтін кезде алдымен өзі тазарып алып, одан соң кеудесіндегі киімін шешіп, емін бастайды екен деген жорамал бар.
Атақты көріпкел абыз жоңғар шапқыншылығы кезінде алдағы шайқас болатын күндерді болжап, жауға аттанатын сәтті дөп басып, белгілей білген. Кезінде Қаракерей Қабанбайдың әскерінде болган Бұғыбай мен Дулыға батырлардын ауыр жарақаттарын әулие емдеп жазган.
Ескі ғасырдың жауынгерлері шайқаста артықшылық алу үшін улы жебелерді қолданғаны тарихтан белгілі. Улы жебе соғыс кезінде жаудың денесіне зақым келтіру мақсатында пайдаланылған. Бұл жауды жаралаумен қатар, оны улантып, ауруға душар ету үшін табылған тәсіл.
Айбынды қолбасшы Бөгенбай батырға жоңғар басқыншларына қарсы жасаған жорықтарының бірінде ұрыс даласында уланган жебе тиіп, ауыр жарақаттанады. Төсек тартып, қатты сырқаттанып жатқан батырға небір емші, тәуіптерді алдырады. Бірақ шипа қонбайды. «Найманнын ішінде жас тәуіп бала бар екен» дегенді естіген Қаракерей Қабанбай оны да алдыртады. Бұл Жалаңаш әулиенің 17-18 жас мөлшеріндегі жігіт кезі екен. Қабанбай ордасының жанынан арнайы үй тіктіріп, науқасты емдеуге кіріседі.
Заманында халық емшілері шөппен емдеумен қоса, жануарлардын өтін, жүнін де ем ретінде қолданган. Заман өте келе медицина дамыған сайын бұл емдер ұмытыла бастады.
Мысалы, жылан, шаян, қара құрт, ара шаққанда бүкіл денеге тарамас үшін, мүмкіндігінше қатты етіп таңып, жәндік шаққан жерді пышактың ұшымен кесіп, қанын ағызады да ешкінің күні бұрын әдейілеп кептірген өтін жағады. Халық емшілері ешкінің өтін «көк дәрі» деп атаган. Оны уды тез қайтаратын жақсы қасиеті бар.
Жалаңаш әулие де өзінің емдеу тәсілімен ем-дом жасап, ел қорғаны болған ер Бөгенбайдың жанын ажалдан арашалап қалған екен.

Тәуіптің есімі жайында

Көтен тәуіп бабамыздың есімдері туралы ел аузындағы аңыз-әнгімелерде
«Жалаңаш әулие», «Өрістік әулие», «Жалғыз көзді әулие», «Көтентай» деп беріледі.
«Көтен» немесе «Көтентай» оның азан шакырып қойган аты болуы мүмкін. «Жалғызкөз» — Садыр елінің таңбасы, бұл таңба Тәуіптің қобызында және айбалтасына бедерленген.
«Емшілік, тәуіптік, көріпкелдік қасиетін елі бағалап, атақ –даңқы ауыл арасынан ұзап, өрісі кеңейген кезде «Өрістік» деп атауы мүмкін», – деп, зерттеушілер топшылайды. Ел есінде осындай есімдермен белгілі болу оның халыққа жасаған қызметінен туындаған. Халық көріпкел әулиені қадірлеп, пір тұткан.
Баба зиратын жаңартуды армандаған көпшіліктің арманы Бөрлітөбе ауданына Асылмұрат Тұрғанбекұлы әкім болып келген кезде жүзеге асты. Кесене тұрғызу жөнінде ынталы топ құрылып, оның құрамында Бөрлітебе, Сарқан, Ақсу, Алакөл аудандарының және Талдықорған қаласының белді азаматтары болды. Топтың тізгінін ұстағандар Лепсі мұнай базасының директоры Кеңес Базыкенұлы Сердалінов пен нан зауытының директоры Қайық Ахмедиярұлы Летов, аудан әкімінін орынбасары Орал Сердалықызы Исанова, Казақстан журналистер одағының мүшесі Болатхан Ахметұлы және т.б.
Нәтижесінде, бұрынғы Бөрлітөбе ауданындағы Көктерек ауылының аясындағы Сартолағай өңірінде, Лепсі өзенінің жағасында 1994 жылы Көтен тәуіптің (Жалаңаш әулиенің) бұрынғы зиратының орнына сегіз қанатты мазар тұргызылды.
Бабалардың әруағына құран бағышталып үлкен ас беріліп, дұға оқылды.
С.Шүрегеевтің әулеті өз қаражатына трассадан кесенеге дейінгі жолға асфальт салдырды.
Бай тарихқа ие Қазақстан даласында әлемдік өркениеттерінен өшпестей орын алған мәдени мұралар аз емес. Олардың әрбірі адамзат баласына ортақ құндылықтар болып саналады.

Кесенені жаңарту туралы

Құндылықтарымызды қорғау мақсатында 2012 жылы мен, Шурегеев Сейдахмет ақсақал, Шүрегеев Арман Сейдахметұлы және бірнеше азаматтар ақылдаса отырып, Астана қаласында қызмет атқарып жүрген бауырымыз, Жетісу жерінің тумасы Ержан Бабақумаровты арнайы Талдықорған каласына шақырдық. Шақыруымызды қабыл алған Ержан Жалбақұлын алып, Көтен тәуіп бабамыздың жатқан киелі жеріне бардық. Сол кездегі Сарқан ауданының әкімі Чарапиев Тұратбек Төлеубекұлы келген қонақтарға дастархан жайып, құрмет көрсетті.
Сапар барысында қасиетті Жалаңаш әулиенің мазарын қайта жаңғырту, қонақ үй салу, маңайын абаттандыру керектігі жөнінде тілек-ұсыныс айтқан едік. Бул ұсынысымызды Бабақумаров та, Т.Чарапиев те қолдай кетті. Ержан Жалбақұлы бауырымыз қаражат жинау маселесін өз мойнына алды.
Сонымен Көтен тәуіп Қонырбайұлының кесенесін қайтадан жаңартып, мұражайына күрделі жөндеу жумыстары басталып та кетті. Қасиетті әулиенің кесенесіне зиярат етушілерге арналған жаңадан қонақ үй тұрғызылды. Енді Көтен тәуіп жерленген орын кесене, мұражай, ғибадат етушілерге арналган қонақ үйден тұратын тұтастай бір кешенге айналды. Кесененің ауласындағы жүретін жолдарға бетон плиталар төселді. Ағаштар отырғызылып, айналасына көркейту- көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Су құбыры тартылып, электр жарығы берілді. Кесененің алдына бабамыздың екі ақ қасқырларының мүсіндері қойылды. Жеке мәрт азаматтардың қаржы жинап, жергілікті басшылықтың көмегінің және де ағайын-бауырларымыздың игі іс-шарадан қалыс қалмауының нәтижесінде кесене толығымен қалпына келтірілді.
Жаңарту жұмыстарына үлес қосқан азаматтардың аты-жөндері алтын жалатылған әріптермен тақтаға жазылып, кесененің ішіне орнатылды.
Кесененің ашылу салтанатына Астана қаласынан, Алматы облысының барлық аудандарынан, Алматы қаласынан қонақтар жиналып, той жасалды, ас берілді.
Бұл бабамызға деген зор сый-кұрметтің бір көрінісі. Бүгінде емшінің рухына құлшылык жасап, дертіне шипа сұраушылар тәуіптің кесенесіне еліміздің түкпір- түпкірінен жиналып жатады. Қасиетті атаның аруағына бас иіп келгендердің еміне шипа болсын сапарлары!

М.Б.Қалажанов,
медицина ғылымдарының докторы, «НАҚ-Бірлік» қоғамдық қорының төрағасы, өлкетанушы, Алакөл ауданының, Талдықорған қаласының
Құрметті азаматы