Бірыңғай интернет-ресурстарының тұғырнамасына көшті

0
2667

Алматы облысының әкімдігі мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-ресурстарының тұғырнамасына көшті. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысының жаңалықтары мен өңірде атқарылған жұмыстар туралы енді барлық мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстары мен электронды үкімет порталын біріктіретін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасына ( МО ИРБТ) өту арқылы білуге болады.   Облыс әкімдігінің жаңа сайтына кіру үшін браузер жолына бұрын жұмыс істеп тұрған zhetysu.gov.kz мекенжайын жаңадан теру қажет немесе төменде берілген сілтеме бойынша кіруге болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu?lang=kk

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu?lang=kk https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu?lang=ru

Сөйтіп, облыс әкімдігінің бұрын қолданыста болған zhetysu.gov.kz ресми сайты 2020 жылдың 12 маусымынан бастап жұмыс істемейді. Барлық ақпарат МО ИРБТ-ға орналастырылуда.

Жаңа тұғырнамаға көшу «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 16-бабына сәйкес жүзеге асырылғанын атап өту керек.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 

Кілтсөздер:ИНТЕРНЕТ


ПІКІР ЖАЗУ