Ақ жол саған, жас түлек!

0
3050

Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биылғы, 2020 жылғы  түлектеріне   орта білім туралы аттестат  табыс етілді.

Аталмыш білім ордасын   бітіріп отырған 70  түлек   халықаралық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың, спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, шығармашылық үйірмелердің қатысушылары, әлеуметтік жобалардың белсенділері болып табылады.

«Ақ жол саған, жас түлек» атты шарада   мектеп директоры Виктор Сосин  сөз алып, жүрекжарды лебізін білдірді. Сонымен қатар    «Алтын белгі» төсбелгісін  және  ерекше   үлгідегі  аттестаттарды  табыс етті.  Дара мектептің дара оқушылары арасында: Мөлдір Ибраева, Алима Батырқан, Садыр Сабитов (Алтын белгі), иегері, Алуа Бейсенбекова, Аружан Жалбаева, Құндыз Мұқтар, Жұлдыз Қабижанқызы, Вероника Кочубей, Асемай Алмазбекқызы, Ислам Кахаров, Ернар Омирзаков, Роман Цой ерекше үлгідегі аттестат иегерлері атанды.

«Алтын белгі», мен үшін – ерекше жеңіс. 12 жыл бойы  өзіме жұмыс жасадым, оқыдым, мұғалімдерімнің еңбегі, мектебімнің арқасында осы белгіні алдым. Мен «Бизнес әкімшілігі» факультетіне түсуді жоспарлаудамын. «Меніңше, әрқайсымыз өз отбасымыздың, еліміздің мүддесі үшін ең үлкен армандарымызды жүзеге асыра аламыз деп ойлаймын»,  – дейді  «Алтын белгі» иегері Алима Батырхан.

Ал осы мектептің түлегі Даниил Филимонов   робототехника және интеллектуалды жүйелер саласындағы ғылыми зерттеулерді жалғастыруды жоспарлап отыр. Айта  кетейік,  Даниил робототехника бойынша халықаралық, ұлттық жарыстардың жеңімпазы. Оның болашақ жобалары   Бүкіләлемдік роботтар олимпиадасында бірнеше рет жеңімпаз атанды. Биыл ол робот — мұғалім «Зиггурат» жасады. Жобаны ұлттық құрама WRO-2019 роботтар олимпиадасында ұсынып, үшінші орынға ие болды. NIS-evsky робототехникасы қазірдің өзінде олимпиадашылар үшін бағдарламадан тыс сабақтарды recurriculum.kz алаңында өткізуде.

Ал  мектептің 15 түлегі Назарбаев университетіне, 12 түлек АҚШ, Венгрия, Германия, Корея, Болгария, Гонконгтағы шетелдік университеттерге шақыртулар алған.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 

 

 

Кілтсөздер:БІЛІММЕКТЕП


ПІКІР ЖАЗУ