«Абай Құнанбайұлы» төсбелгісімен марапатталды

0
3069

 Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Абай мұрасы – Қазақтың қасиетті қазынасы» халықаралық ғылыми мақалалар  байқауында Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 сынып оқушысы Раушан Асқар «Білім-Өркениеті» Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы жеңімпазы атанып, «Абай Құнанбайұлы» төсбелгісімен марапатталды.

Аталмыш  байқауға Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 500-ге жуық үміткер қатысып, бағын сынаған. Білім додасында оза шапқан  Раушанның «Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің ерекшеліктері» деген тақырыптағы шағын эссесі үздік деп танылып, эсселер жинағына енді. Ал оның  ақын өлеңдеріне  деген қызығушылығын оятып, білім әлеміне бағдар көрсеткен ұстазы – Иманбаева Нұргүл Задашқызы болып табылады.

С. БАЗАРҚҰЛОВА.

 

 


ПІКІР ЖАЗУ