800 бейнекамера орнатылады

0
2147

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әбдіжаппар Қыстаубаев Балқаш ауданындағы  «Шапағат» сауда үйінде тұтынушылармен кездесу өткізді.

Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірген Әбдіжаппар Өгізбайұлы:

«Біз 2025 жылға қарай «Бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін 90 пайызға жеткізуге атсалысамыз. Сонымен қатар заманауи технологияларды қолдана отырып мемлекеттік қызметтерді толық автоматтандыруға көшеміз. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне партиялық және қоғамдық бақылау жасауды жоспарлап отырмыз. «Nur Otan» партиясы ашық пікірталас алаңына айналады және аймақ тұрғындарының мәселелерін шешуге жәрдемдеседі», – деп атап өтті.

Кездесуге қатысушылар мүмкіндікті пайдаланып, маңызды мәселелерге қатысты ойларын жеткізді. Айталық, күре жол бойына бейнекамера орнату қажеттілігі туындап тұрғанын, сол арқылы жол-көлік апаттарын азайтып, алдын алуға жол ашылатын айтты. Тұрғындарға жауап берген үміткер: «Талдықорған қаласы мен 11 ауданда 800-ге жуық бейнебақылау камерасын орнатуды жоспарлап отырмыз. Бес жыл ішінде жыл сайын 30 патрульдік автокөлік сатып алу көделген. Қоғамдық көмекшілер саны 5 мыңға дейін өседі. Сондай-ақ 39 учаскелік полиция бекетінің құрылысы аяқталады», – деді.

Кездесу соңында Әбдіжаппар Қыстаубаев Балқаш өңірінің тұрғындарын 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.


ПІКІР ЖАЗУ