Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

0
1502

 «Nur Otan» партиясынан  облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сағи Бейсенбек Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы «Мұхтар» сауда орталығында тұтынушылармен кездесті. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламсының негізгі басымдықтарын атап өтті.

Үміткер кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдауды айта келе: «Алдағы бес жылда аймақта «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кредит беру тетіктерін жыл сайын пайдалану, оның ішінде жылына кемінде 115 жобаны субсидиялау, 70 жобаға кепілдік беру және кемінде 80 грант ұсыну жоспарланған. «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын 1200 мемлекеттік грант, 1100 микрокредит бөлу қарастырған. Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 25 басым жобаны қаржыландыруға мүмкіндік тумақ», – деп шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 300 мың адамға дейін ұлғайту көзделгеніне тоқталды.

Үміткерге жылы лебіздерін арнаған «Мұхтар» сауда орталығының тұтынушылары партияның саяси науқанда басым түсуіне тілеулестік білдірді.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.

 


ПІКІР ЖАЗУ