«Қазақстандағы білім беру: STEAM ұлттық моделі» конференциясы
2021 жылғы 15 қаңтарда «Қазақстандағы білім беру: STEAM ұлттық моделі» онлайн-конференциясы өтеді, онда қазақстандық және халықаралық сарапшылар білім беру жүйесінің ағымдағы жай-күйін, проблемаларды шешу мүмкіндіктерін, атап айтқанда, STEAM-әдістемелерін әзірлеу мен оқу процесіне енгізуді талқылайды. Іс-шараны ұйымдастырушы – «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Caravan of Knowledge».
«Caravan of Knowledge» басшысы Зарина Биюмбаева атап өткендей, алдағы конференция білім беру саласындағы шенеуніктерге білім беру саясатын жоспарлауда, мектеп директорларына, әкімшіліктер мен мұғалімдерге — ағымдағы білім беру трендтеріне және тиімді менеджментке бейімделуде, бизнес, өндіріс және ғылым өкілдеріне — болашақ кадрларды даярлауда пайдалы болатын стратегиялық менеджмент құралы болып табылады. «Тәуелсіздік жылдары алғаш рет STEAM-білім берусаласындағы стейкхолдерлермен стратегиялық сессия жәнефасилитация осындай ашық және ауқымды форматта өтеді» – деп нақтылады Биюмбаева. «Біз осы экожүйеде әркімнің пікірін естіп, ескергіміз келеді».
STEAM әдістемелері мектептерде белгілі бір пәндерді — ғылым, технология, инженерия, өнер және математиканы(Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics) жүргізуді ғана емес, сондай-ақ оқытуға пәнаралық тәсілді, сондай-ақ ақпаратты іздеу және өңдеу дағдыларын, сыни тұрғыдан және креативті ойлау мен таныстыру дағдыларын дамыту үшін ғылыми жобалар арқылы оқушыларды оқытуды – еңбек нарығында қазірдің өзінде қажетті XXIғасыр дағдыларын қамтиды.
Конференцияда спикерлер мен қатысушылар Қазақстандағы STEAM-білім берудің ағымдағы жағдайын — оқу мен оқытудағы қазіргі трендтерді, мемлекеттік білім беру саясатын, қосымша, инклюзивті және ауылда білім беруді талқылайды. Сондай-ақ, бизнес және өндірістік сектор салаларында STEAM дамыту және қолдану мысалдары қарастырылады. Сонымен қатар, АҚШ, Финляндия, Италия және Таиланд сарапшылары STEAM-ның нақтыжағдайларда өз елдерінде қалай дамып жатқанын айтып береді.
Іс–шараның толық бағдарламасы және тіркелу
— https://caravanofknowledge.com/edustem