HALYK BANK еліміздегі ІТ мамандарын дайындайды

0
1376

Halyk Bank қолдауымен ХАТУ және ҚБТУ университеттерінде IT мамандарын даярлау бойынша жаңа оқу зертханалары мен оқыту бағдарламалары ашылды.

Клиенттердіңқажеттілігі үшін жоғары технологиялық цифрлы сервистерді дамыта отырып, Halyk Bank ел ауқымында мықты кадр резервін құруға мүдделі және белсенді жұмыс істеуде. Өткен жұмада Қазақстан-Британ техникалықуниверситетінде Halyk Academy зертханасы мен коворкинг аймағының ресми ашылуы өтті. Осылайша, Halyk Bank ҚБТУ-мен бірлесіп бастаманы іске қосты, оғансәйкес ЖОО базасында еліміздің ірі Банкі үшін біліктімамандар дайындалатын болады.

Академия базасында Microsoft корпорациясының“Azure” бұлтты платформасы арқылы бағдарламалау тілдерімен технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі беріледі. Бұлтты зертхана университет оқытушылары мен студенттеріне кез келген практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарды жүргізуге, IT-жобалардыәзірлеуге, курстар немесе кәсіптік оқыту жүргізуге, жоғарытехнологиялық бұлтты платформаның қауіпсіз ортасындакез-келген масштабтағы хакатондар мен демонстрациялар өткізуге мүмкіндік береді.

Антон Мусин, Halyk Bank басқарма төрағасыныңбірінші орынбасары: “Финтех – бұл тез өзгеретінтехнологиялар мен техникалық жабдықтардың арқасындаүнемі және қарқынды дамып келе жатқан бизнес саласы. Тиісінше, жақсы оқытылған, дайындалған, жоғары біліктікадрлар қажет, олар жоғары оқу орындарын бітіріп, өндірістік және технологиялық процеске оңай енеді. HalykBank болашаққа қарайды. Сондықтан Halyk Academyжобасын белсенді дамытуда. Біз материалдық-техникалықбазаны дамытуға, ҚБТУ және ХАТУ сияқты жоғары оқуорындарының студенттерін даярлау мен білім беругеқосқан үлесі нәтижесінде алдыңғы қатарлы банктіктехнологиялармен жұмыс істеудің практикалықдағдылары бар сауатты мамандар алуға мүмкіндікберетініне сенімдіміз. Бұл ұзақ мерзімді жоба, ол банкке де, жоғары оқу орындарына да, ең алдымен, өз идеялары мен инновацияларын нақты стартаптарға, ал банк индустриясы үшін неғұрлым ауқымды IT-жобаларға іскеасыруға бірегей мүмкіндік алатын студенттергеқызықты“.

Болашақта Halyk Bank ҚБТУ оқу бағдарламасының бірнемесе бірнеше тректерінің бірлескен әзірлеушісі болудыжоспарлап отыр. Қазірдің өзінде оқыту бағдарламасынанарықта сұранысқа ие ең трендтік технологиялар мен бағдарламалау тілдері енгізілген.

Кенжебек Ибрашев, ҚБТУ ректоры (БасқармаТөрағасы): «Кез келген университеттің негізгі міндеті – нарыққа қажетті мамандарды дайындау. Жоғары білімніңмаңызды бағытының бірі студенттердің университет зертханаларында және компаниялардағытағылымдамаларда алатын практикалық тәжірибесі. Halyk Academy білім мен бизнесті біріктірудің жақсыүлгісі болады. Оқу зертханасы мен коворкинг студенттергеқажетті практикалық дағдыларды дарытуға және олардыБанктің технологиялық стэкімен таныстыруға арналған. Бұл студенттерге жұмыс ортасына тезірекинтеграциялануға және оқу кезеңінде барлық қажеттітехнологиялармен танысуға, сондай-ақ одан әрітағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналасуғамүмкіндік береді. Қазіргі заманғы зертханалар осылайкөрінуі керек. Halyk Bank-пен біраз уақыт бұрын пайдаболған Halyk Academy құру идеясы қазір шындыққаайналуда. Көптеген басқа IT жобалар сияқты – бұл идея біздің техникалық Альма матердің дәстүрінен бастауалады. Біз ұзақ мерзімді ынтымақтастық жолыныңбасында тұрмыз және осы Академия одан ары дами түсетініне сенімдімін.

Нұрлан Жәнібек, Microsoft корпорациясыныңҚазақстандағы және ТМД елдеріндегі білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басшысы: “Қазақстандағыжоғары білім беру жүйесімен өзара іс-қимылдың басымбағыты біз үшін нарықтың қажеттілігінен туындағанбарлық мүдделі әріптестер арасында табысты синергиянықұру. Жобаның әрбір қатысушысының индустриялыққұзыреттерін ескере отырып, өзара іс-қимылдың осы моделі банк пен нарық үшін экономиканың цифрлытрансформациясының сын-қатерлеріне дайын сұранысқаие, бәсекеге қабілетті және сертификатталған IT–мамандарын ұсынады. Halyk Bank, ҚБТУ университетіжәне Microsoft-тың бірлескен күш-жігерінің арқасында бізжоғары оқу орнының әрбір студентіне және банкке көпжетістікке жетуге көмектесетін бірегей және болашағыбар жобаны іске қостық“.

Алдағы уақытта жоба дарынды жастарды Орталық Азияныңірі қаржы институты – Halyk Bank-те тағылымдамаданөтумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл үшін HalykBank–те бірнеше жылдан бері HalykStar тағылымдамабағдарламасы табысты жұмыс істеп келеді.

Halyk Academy Halyk Bank пен бірнешеқазақстандық жоғары оқу орындарының (ҚБТУ жәнеХАТУ) бірлескен жобасы бейіндік технологияларды дамытуперспективаларын ескере отырып, оңай жаңартылатынтеңдестірілген икемді және мобильді оқыту бағдарламасынқұруға мүмкіндік береді. Жоба: Halyk Bank біліктілікталаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тұрақты легінұйымдастыруға; тағылымдама бағдарламаларын (онлайн-ассесменттер, кандидаттарды бағалау үшін тестілеу) ұдайыжетілдіруге; Банктің басымдықтарына сәйкес бизнес-кейстерді пысықтау үшін университеттер базасында R&D орталықтарын ашу үшін негіз жасауға мүмкіндік береді; университеттердің оқу бағдарламаларына банк технологияларының стектерін енгізу, жоғары оқуорындарының оқу бағдарламаларын Банктіңбасымдықтарына бейімдеу; білім беру мен банк индустриясы арасындағы қашықтықты айтарлықтай қысқарту.


ПІКІР ЖАЗУ