Бастауыш партия ұйымдарының жиналысы өтуде

0
1755

19-23 сәуір күндері аралығында   «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымдарының  жиналысы  өтуде.

Өңірде 86 866 партия мүшесін бір арнаға тоғыстырған   316 бастауыш партия ұйымы бар, оның құрамын 2555 партиялық топ кіреді. Соның бірі, Қарасай ауданындағы «Шамалған» бастауыш партия ұйымы. Құрамында 692 партия мүшесі бар. Бастауыш ұйым 2 жыл көлемінде атқарған жұмыстарын қорытындылап, БПҰ-ның төрағасымен орынбасарын сайлап, аудандық конференция құрамына делегаттарды анықтауда.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша «Бастауыш партия ұйымы төрағасының 2019-2020 жылдарда атқарған жұмысы туралы» «Шамалған» бастауыш партия ұйымының төрағасы  Ержас Тоқтасынов    баяндама жасады.   Екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Жарғысының 9.6 тармағына сәйкес Шамалған бастауыш партия ұйымының Бюро мүшелерін, одан әрі төрағасымен орынбасары сайланды.

Үшінші мәселе   Қарасай аудандық партия филиалының XXХІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау. Қарасай аудандық партия филиалының квотасы бойынша аталған БПҰ-нан 10 делегат сайланды. Делегаттар өкілеттілігі аудандық партия филиалының Саяси Кеңес Бюро отырысында қаралып, шешім қабылданады.

БПҰ-ның жиыны  аяқталған соң, 26-30 сәуір аралығында 20 аудан-қалалық партия филиалының есеп-беру сайлау конференцияларын өткізу жоспарлануда. Ал,  13  мамыр күні облыстық партия филиалының есеп-беру сайлау конференциясы өтпек.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ