Халық үніне құлақ асқан әкім

0
1295

Талдықорған қаласының оңтүстік-шығыс тұрғын ауданында орын алған өзекті мәселелер қала әкімі Ержан Жасыбаевтың араласуымен  оңды шешімін тапты. Бұл туралы редакциямызға келіп түскен тұрғындардың атынан жазылған хатта баяндалады.

Аталмыш  аудандағы өзекті мәселелер бойынша тұрғындар жергілікті атқарушы органдарға хат жазғанымен оң шешімін таппай келген.  «Авангард» бастауыш партия ұйымының бастамасымен көтерілген мәселе  қала әкімі Ержан Жасыбаевтың «Nur Otan» партиясындағы қабылдауында жеткізілді. Атап  айтсақ,  облыстық аурухананың артқы жағындағы Жоламан, Көкжазық, Ақжазық көшелеріне асфальт төсеу, арық желісін жүргізу мәселесі, тұрғын-үйлерде электр жетіспеушілігі болғандықтан (тусклый свет) электр бағаналарымен желілерін тарту, жаңа трансформатор орнату, №24 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасы (конечная) жарық шамдарын жөндеу, бейнебақылау камерасын орнату, қоқыс жәшігін қою, Гүлдәурен, Жетісу өрнегі көшесіне және облыстық МОРГ ғимаратынан №24 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасы (конечная) аралығындағы жолға ағымдық жөндеу, оның ішінде «Жетісу су құбыры» ҚМКК қазған жерге асфальт төсеу, қазылған люкті жабу, жол шетіне өсіп кеткен ағаш-бұтақтарды қию жұмысын жүргізу,  №24 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасынан (конечная) «Күншуақ» балалар оңалту орталығының күзет посты аралығындағы қурап, адамға қауіп төндіріп тұрған теректерді кесу, күзет постынан Гүлдәурен көшесіне дейін арық желісін жүргізу, Жоламан-Гүлдәурен көшелері аралығына тұрғындарға кішігірім сквер салу, балаларға стрит воркаут форматында турниктер орнату.  Аталған  мәселелерді  назарға алған қала әкімі                                                                 Ержан Бәкірбайұлы  шұғыл түрде  орынбасарлары мен бөлім басшыларына тапсырма беріп, тұрғындар өтініші шешімін табатынын  айтты. Араға күн салып қала әкімнің орынбасары А.Бегманов бастап арнайы комиссия мүшелері аталған мәселелермен толыққанды танысып, тұрғындар өтінішін тыңдады. Осы бойынша өз жауаптарын да берді.  Нәтижесінде  2-3 жыл бойы шешімі табылмай келетін  мәселелер  бірнеше күннен кейін-ақ  жүзеге асырыла бастады. Атап айтсақ, №24 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасына жарық шамдары жанып, айналасы реттелді. Сонымен қатар, Гүлдәурен, Жетісу өрнегі көшелерінде талай жылдан бері жабылмаған шұңқырлар асфальт төсемімен жөнделді. Мұнымен қоса  Гүлдәурен-Көкжазық көшелері аралығында «Жетісу су құбыры» ҚМКК қазып, реттелмей қалған жолға асфальт төселді.

Ал  көшелерге электр желілерін тарту, арық жүргізу  бір күнде шешілетін мәселе еместігін және жоба-сметалық жұмыстарға қаржы бөлінген соң  тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі тарапынан Жоламан, Көкжазық, Ақжазық көшелеріне асфальт төсеуге  биыл жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша тиісті қаржы қарастырылатынын жеткізіп, тұрғындарды қуантты.

Бейнебақылау камерасы бойынша облыстық полиция департаментінен жауап хат келіп, биылғы жылға қалада 500-ден аса бейнебақылау камерасын орнату жоспарланғанын, қазіргі таңда сараптамада екенін,  №24 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасына орнату жоспарда бар екеніндігін де  мәлім етті. Сондай-ақ,  жол бойында өсіп кеткен ағаш бұтақтары мен құлағалы тұрған құрғақ теректерді кесу бойынша коммуналдық сала өкілдеріне тапсырма беріліп, алдағы уақытта кесу жұмыстары жүргізілетінін де  хабарлады.

Тұрғындарды толғандырған тағы бір өзекті мәселе –  балалар ойнайтын алаңнын болмауы. Бұл бойынша қала басшылығы тиісті жер қарастыру бойынша сәулет және қала құрылысы, сонымен қатар жер қатынастары бөліміне бос жер учаскесін анықтау бойынша тапсырма беріп, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміне назарда ұстау керектігін жеткізді.

Ел үніне құлақ түрген қала әкіміне разы болған тұрғындар өз хаттарында Ержан   Жасыбаевты  «нағыз істің адамы»  деп оған деген шынайы алғыстарын білдіріпті. Сонымен қатар  алда атқарылар бұдан өзге де: жол, электер желілері сынды мәселелердің шешімін табатынына сенеді.

 

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

 


ПІКІР ЖАЗУ