Інісін ұрып өлтірді

0
1177

 

Ескелді ауданында ағайынды арасындағы  жанжал кісі   өлімімен аяқталды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің хабрлауынша, елу жастағы Қара-бұлақ ауылының тұрғыны Ескелді ауданының орталық ауруханасына көзге көрінетін дене жарақатынсыз, есі шыққан күйінде түскен. Ер адам ауыр жағдайға байланысты мең-зең болып, аты-жөнін айта алмай, не жағдай болғанын да түсіндіре алмаған. Медициналық көмек көрсету кезінде ол Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасына ауыстырылды. Онда ол есін жинай алмай, ішкі қан құйылу салдарынан қайтыс болған.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-тармағы, «Кісі өліміне әкеліп соғатын ауыр дене жарақатын келтіру» бойынша тізімге енгізілді. Сондай-ақ, жәбірленуші ағасымен бір аулада көрші тұратыны хабарланды. Ағасы жанжал кезінде екі метрлік ағашпен інісінің басынан ұрған. Ұсталған 53 жастағы азамат қылмысын мойындады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ