Өнерлі өрен – ел болашағы

0
1224

Іңкәр СЕРІКБАЙ: «Жасым  сегізде. Талдықорған қаласында туылдым.  Мектепке барғанша   апам мен атамның қолында болдым. Жаныма жақын жандардың арқасында еркін сөйлеуді үйрендім,  қазақы тәрбиені бойыма  сіңіріп   өстім.  Алғаш аттаған білім ошағы  Талдықорған қаласындағы № 11 орта мектеп. Қазіргі кезде  №15 орта мектептің  3 «б» сыныбында оқимын.  Ата-анам, яғни, әкем  мен анам  екеуі де ұстаздық қызмет атқарады. Сабақты жақсы оқимын,  сыныпта  үздік  оқушымын. Сүйікті пәндерім математика, денешынықтыру және еңбек. Сонымен қатар, суға түскенді жақсы көремін. Қазіргі таңда Талдықорған қаласындағы орталық бассейнге барамын.

«Мейірім» шығармашылық орталы-ғында батик атты үйірмесіне қатысамын. Орталықтағы  ұстаздардың арқасында талай дүниені жасап үйрендім, маған өте ұнайды. Түрлі тапсырмаларды орындай отырып сабағымыз да өте көңілді өтеді.  Демалыс күндері апа-атама барамын. Қолым босай қалса інімді  қыдыртып, ойнатамын. Болашақта аудармашы немесе ағылшын тілінің мұғалімі болсам деп армандаймын».

Зарина ТІЛЕУКЕНОВА : «Мен 8 жастамын. Қаладағы  №28  IT мектеп-лицейінің 3 «ж»  сыныбында оқимын.  Биыл анам мені   «Мейірім» шығармашылық  орталығындағы қағаз  модельдеу және оригами үйірмесіне  жазды. Үйірме жетекшім –  Нығметжанова  Нұргүл  Ершатқызы. Үйірмеге қуана барамын. Өйткені  қағазбен жұмыс істегенді  ұнатамын. Оригами мені қарапайым қағаз әлемінің керемет өзгерістерімен қызықтырады, ол кемеге, құсқа және итке айналуы мүмкін. Анам  оригами сабағы – жадтың дамуын  жақсартады дейді.  Расында, қағаздан белгілі бір зат жасау үшін оны бүктеудің дәйектілігінің әдістері мен тәсілдерін есте ұстау керек.  Ғалымдардың айтуынша жұмыс  барысында қолдың ұсақ моторикасы жетіледі екен. Алдағы уақытта «Мейірім» шығармашылық орталығының жұмысы алға басып,   гүлдене беруін тілеймін. Үйірме жетекшіме айтар алғысым шексіз,  талантты оқушылары  көп болуын тілеймін».


ПІКІР ЖАЗУ